Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев мал дәрігерлері мамандарымен кездесу өткізіп, жат ағымдардың алдын алу бағытында насихат жүргізді.
Кездесу барысында имам деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны туралы кеңінен түсіндіріп, олардың белгілері мен одан сақтану жолдарына тоқталды. Сонымен қатар, дәстүрлі дін құндылықтарын ұстанудың маңыздылығы айтылып, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені жеткізілді.
Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу жүзеге асты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамда діни сауаттылықты арттыру, мамандарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеу болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы