Center Image
IHSAN.KZ
«Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шет ауданы, Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Жиын барысында қоғамдағы адалдық пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы ислам діні мен қазақтың ұлттық дәстүрлерінің маңызы кеңінен түсіндірілді. Адал қоғам кез келген мемлекеттің басты тірегі екені айтылып, адалдықтың негізі – иман мен тәрбие екеніне ерекше тоқталды.


Шара аясында ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында сәбиге тұсаукесер рәсімі жасалып, көпшілікке тағылымды көрініс ұсынылды.


Жиын соңында дастархан жайылып, ақ жаулықты әжелер бата беріп, ізгі тілектерін білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz