Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қуанышты оқиға орын алды. Орыс ұлтының өкілі Артём есімді азамат ислам дінін қабылдады.
Діни рәсімді мешіт азаншысы Байкешев Нұрғали жүргізіп, жаңадан мұсылман болған азаматқа ислам дінінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, иман шарттары мен мұсылмандықтың мән-мағынасы жайында насихат айтылды.
Артём өз сөзінде бұл шешімге саналы түрде келгенін, ислам дінін зерттеп, оның құндылықтарын жүрегімен қабылдағанын жеткізді. Ол дінді ешбір қысымсыз, өз еркімен қабылдауға келгенін атап өтті.
Мешіт жамағаты жаңа мұсылманды жылы қарсы алып, оған ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, оған діни білім алып, иманын күшейту жолында қолдау көрсетілетіні айтылды.
Алла Тағала жаңа мұсылман бауырымыздың иманын берік етіп, тура жолдан айырмасын!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы