Халықаралық Жер күніне орай Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ағаш отырғызу шарасы өтті.
Игі бастама мешіт имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып, шараға мешіт жамағаты мен еріктілер белсенді қатысты.
Акция барысында мешіт ауласына талдар отырғызылып, айналаны көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтіп, экологиялық тазалықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға бағытталып қана қоймай, қоғамда жауапкершілік пен жанашырлық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы