Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар әдебі» тақырыбында рухани-танымдық семинар өтті
«Жастар әдебі» тақырыбында рухани-танымдық семинар өтті

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен «Жастар әдебі» тақырыбында рухани-танымдық семинар жиыны өтті.


Жиынға мешіт ақсақалдары мен жастары қатысып, тағылымды басқосу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Кездесу барысында қариялар жастарға әдеп пен мәдениет, сондай-ақ қазақы тәрбие жөнінде насихат айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Үлкендердің өнегелі сөздері жас буынға бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын айқындай түсті.


Шара барысында мешіт имамы Құран аяттарын оқып, жамағатқа дұға жасады.


Аталған жиынның басты мақсаты – жастардың бойына имандылық, әдептілік және ұлттық құндылықтарды сіңіру болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz