Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Қарубай Берікұлының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Жастар арасында стресске төзімділік» тақырыбында насихат жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында жастарға өмірдегі қиындықтарға сабырлықпен қарау, күйзеліске берілмеу және рухани тұрғыдан мықты болудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, стресс жағдайында өзін-өзі басқару, дұрыс ойлау және үмітті үзбеу жайында пайдалы кеңестер айтылды.
Шара барысында өз-өзіне қол жұмсаудың шариғаттағы орны мен ауыр зардаптары туралы да түсіндіріліп, мұндай әрекеттің адам өміріне және қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты баяндалды.
Жиын соңында қатысушыларға рухани қолдау көрсетіліп, өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар берілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың стресске төзімділігін арттыру, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және рухани құндылықтарды дәріптеу болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы