Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БАЙҚАДАМ АУЫЛДЫҚ«ҒЫЙЗАТ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БАЙҚАДАМ АУЫЛДЫҚ«ҒЫЙЗАТ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы  Естай Айтуғанұлы  Бұқар Жырау ауданына жасаған қызметтік сапары барысында Байқадам ауылдық  «Ғыйзат қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

«Суицид- ауыр күнә» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Өмір – адам баласына берілген басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны өзіне ізгі амалдар жасауға берілген мүмкіндік деп түсінуі қажет.

Адам қиындыққа тап болған сәтте шайтанның азғыруына еріп, үмітсіздікке бой алдыруға болмайды. Өйткені Жаратушы Иеміз әрбір қиындықпен бірге жеңілдікті де береді. Шынайы тәуекел етіп, үмітін үзбеген жанға Алла міндетті түрде шығатын жол нәсіп етеді»,- деді.

Сондай-ақ, бас имам жұма намазына жиналған жамағат алдында «Ғыйзат қажы» мешітін салған  дін жанашырларына ҚМДБ-ның  Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің арнайы алғыс хатын табыстады.

Игі бастамаға үлес қосқан азаматтарға қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты. 

Одан кейін, мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz