Center Image
IHSAN.KZ
Үштөбеде жастарға рухани-танымдық насихат жүргізілді
Үштөбеде жастарға рухани-танымдық насихат жүргізілді

Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы «Үштөбе оқу-ағарту орталығының» директоры Нығыман Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен жастармен рухани кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарға «Жастар әдебі», бауырмалдық және білімнің маңыздылығы тақырыптарында тағылымды уағыз-насихат айтылды.

Жиын барысында мешіт пен медресе шәкірттеріне рухани тәрбие, ізгілік пен адамгершілік құндылықтар кеңінен түсіндірілді.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. 

Іс-шара соңында шәкірттерге рухани кітаптар сыйға тартылып, кездесу жылы әсермен қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz