Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде Халықаралық Жер күніне орай мешіт ауласында сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Мешіт имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен өткен игі шара барысында жамағат бірігіп, аула аумағын тазалап, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мәдениетін насихаттауға бағытталды.
Сенбілікке қатысушылар белсенділік танытып, мешіт ауласының көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай шаралар арқылы қоғамда экологиялық жауапкершілік пен бірлік нығая түсетіні сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы