Center Image
IHSAN.KZ
Жастарға «Стреске төзімділік» тақырыбында насихат айтылды
Жастарға «Стреске төзімділік» тақырыбында насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы жастарға «Стреске төзімділік» және суицидтің алдын алу тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында имам қазіргі қоғамда жиі кездесетін күйзеліс, уайым мен психологиялық қысым мәселелеріне тоқталып, мұндай қиындықтарға сабырмен қарап, дұрыс жолмен күресудің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, адамның өмірі – Алланың аманаты екені айтылып, қандай жағдай болмасын үміт үзбеу, қиындыққа мойымау керектігі насихатталды.

Ербол Мұқанұлы жастарды бір-біріне қолдау көрсетуге, ата-ана мен жақын жандардың қадірін білуге, ішкі жан дүниесіне көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар, пайдалы істермен айналысып, білім алуға ұмтылып, уақытты тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында суицидтің алдын алу жолдары кеңінен түсіндіріліп, қиын сәттерде жалғыз қалмай, сенімді адамдармен ашық сөйлесу, мамандар көмегіне жүгіну маңызды екені жеткізілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz