ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен Қарағанды қаласында «MUNARA TV» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларын талқылауға арналған жиын өтті.
Аталған басқосуға «MUNARA TV» телеарнасының директоры Болат Көкенайұлы, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы және арнаның жауапты мамандары қатысты.
Жиын барысында ізгілік пен руханият құндылықтарын кеңінен насихаттауды мақсат еткен телеарнаның жаңа маусымдағы мазмұнды жобалары жан-жақты сараланып, тың идеялар ортаға салынды. Әсіресе, «Отбасы кодексі», «Салиқалы сұқбат», «Күй күмбірі», «Баталы ел», «Алашқа адал кәсіп», «Дін мен дәстүр», «Сәті түскен сұқбат» сынды жаңа бағдарламалардың тұжырымдамасы таныстырылып, олардың қоғамға берер тағылымдық маңызы айрықша атап өтілді.
Кездесу қорытындысында «MUNARA TV» телеарнасының директоры Болат Көкенайұлы арнаның Қарағанды облысындағы жауапты мамандарына алдағы жұмыстарында табыс тілеп, ақпараттық-ағартушылық бағыттағы қызметтің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Бұл жиын – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, рухани мазмұндағы сапалы медиажобаларды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы