Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде әйел-қыздар жамағатына «Ислам әдебі мен қазақы тәрбиенің өзегі» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.
Насихат барысында ислам әдебі мен қазақы тәрбиенің өзара сабақтастығы, олардың қоғамдағы орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Аталған құндылықтардың басты мақсаты – адам баласын көркем мінезге тәрбиелеу, жүрегіне иман ұялату және ізгілікке баулу екені атап өтілді.
Қазақ халқы ертеден дінді тек ғибадат ретінде ғана емес, тұтас өмір салты ретінде қабылдаған. Соның нәтижесінде ұлттық тәрбиеміз ислам әдебімен үндесіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Ата-ананың разылығы – Алланың разылығы» сынды нақыл сөздер – осының айқын дәлелі.
Жиын барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген хадисі келтіріліп, әдептің мұсылман өміріндегі орны ерекше екені баяндалды. Сондай-ақ қазақ даналығындағы «Әдепті бала – арлы бала» қағидасы тәрбиенің өзегі мінез екенін айқындай түсетіні айтылды.
Насихатты ұстаз Гүлнұр Қаныбекқызы жүргізіп, жамағатты имандылыққа, ізгілікке және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы