Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау ауданына қарасты имамдардың жиыны өтті
Бұқар Жырау ауданына қарасты имамдардың жиыны өтті

Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық “Жыржыс қажы” мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имамдарының жиыны болып өтті.


Жиынға  Бұқар Жырау аудандық мешіті мен өңірге қарасты ауыл-аймақ дін қызметкерлері, молдалары мен ұстаздары қатысты.

 Жиын барысында ҚМДБ-ның 2026 жылға арналған төрт бағытын жандандыру, оңалту жұмысын жүйелендіру және жетілдіру, онлайн насихатқа көңіл бөлу, дәстүр және отбасы бағыты мен имамдардың әдебі сынды мәселелер сөз болды.

Бұдан бөлек аудан имамы уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті жайында бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz