Center Image
IHSAN.KZ
«Таза Қазақстан» акциясы аясында зират маңы тазартылды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында зират маңы тазартылды

Халықаралық Жер күніне орай Осакаров ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іс-шара өтті.

Аталған шара барысында мешіт жамағаты мен еріктілер зират маңына жиналып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, айналаны ретке келтіріп, тазалық сақтау мәдениетін насихаттады.

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz