Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында футболдан достық кездесу өтті.
Аталған іс-шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, өзара татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған тартысты ойын өрбіді. Қатысушылар спорт арқылы шеберліктерін шыңдап қана қоймай, достық қарым-қатынасты одан әрі арттырды.
Шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілікті күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы