Center Image
IHSAN.KZ
«Қамзе» мешітінің жамағаты ел чемпионатында топ жарды
«Қамзе» мешітінің жамағаты ел чемпионатында топ жарды

Қарағанды облысының намысын қорғаған Сұрыптау кенті «Қамзе» мешітінің жамағаты Заңғар Кенжебеков 2026 жылдың 6–10 сәуір күндері Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында үздік жетістікке қол жеткізді. 

Ол дзюдо күресінен І орынды иеленіп, самбодан ІІ орынға, ал қазақ күресінен ІІІ орынға тұрақтады.

Аталған жарыс ардагерлер арасында самбо, қазақ күресі және дзюдо спорт түрлері бойынша ұйымдастырылып, елдің әр өңірінен келген спортшылар бас қосты.

Жеңімпазды мешіт имамы Думан Қамариденұлы бастаған мешіт жамағаты зор құрметпен қарсы алып, иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. 

Жиналған қауым спортшыға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды тілеп, ақжарма тілектерін білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz