Center Image
IHSAN.KZ
Төлеутай ата мешітінде жастарға арналған тағылымды семинар өтті
Төлеутай ата мешітінде жастарға арналған тағылымды семинар өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы мешіт жастарына «Жастар әдебі» тақырыбында тағылымды семинар өткізді.

Семинар барысында имам жастарға исламдағы әдептің маңызы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-анаға құрмет пен қоғамдағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда кездесетін түрлі жат қылықтардан сақ болу, уақытты тиімді пайдалану және білім алудың маңыздылығы жайында да насихат айтты.

Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Имам өз сөзінде жастардың бойында көркем мінез қалыптастыру, сабырлық пен жауапкершілікті арттыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екенін атап өтті.

Аталған семинар жас буынның рухани дамуына серпін беріп, олардың дұрыс бағытта тәрбиеленуіне өз үлесін қосты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz