Center Image
IHSAN.KZ
Өрт сөндірушілермен кездесуде суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды
Өрт сөндірушілермен кездесуде суицидтің алдын алу мәселесі талқыланды

Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Восток-5» ықшам ауданында орналасқан өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам «Суицидтің алдын алу және жастар арасында стресске төзімділік» тақырыбында насихат айтып, адамның өмірі – аманат екеніне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қиындықтарға сабырмен қарау, күйзеліске түспеу, рухани құндылықтарға сүйене отырып өмір сүрудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Имам өз сөзінде қазіргі қоғамда орын алып жатқан өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының алдын алу – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастардың психологиялық тұрақтылығын нығайту, қиын сәттерде дұрыс шешім қабылдау және жақындарынан қолдау іздеудің маңызын жеткізді.

Кездесу барысында өрт сөндіру қызметінің мамандары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Өз кезегінде олар мұндай рухани кездесулердің маңызы зор екенін айтып, алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz