Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Қарағанды қаласындағы өрт сөндіру қызметі мекемесінде қызметкерлермен кездесу өткізіп, «Жастар әдебі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастардың тәрбиесі, көркем мінез, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сондай-ақ қоғамдағы әдеп пен жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі жастар арасында кездесетін түрлі келеңсіз әдеттерден сақтану, уақытты тиімді пайдалану және пайдалы іспен айналысудың маңыздылығы түсіндірілді.
Имам өз сөзінде әрбір адамның қоғам алдындағы міндеті мен рухани дамуының маңызын атап өтіп, жақсы мінез-құлық пен имандылық адамның өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін жеткізді.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай рухани бағыттағы кездесулердің қоғам үшін, әсіресе жастар тәрбиесі үшін маңызды екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы