Бұқар Жырау аудандық «Жыржас қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы жастармен кездесу өткізіп, «Суицид профилактикасы » және «Жастар арасында стресске төзімділік» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам өмірдің адамға берілген аманат екенін атап өтіп, әрбір сынаққа сабырмен қарау, қиындық кезінде үміт үзбеу және рухани құндылықтарға сүйенудің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, күйзеліс жағдайында дұрыс шешім қабылдау, жақындармен ой бөлісу және қоғамнан оқшауланбау қажеттілігіне тоқталды.
Имам өз сөзінде жастардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, бос уақытты пайдалы істерге жұмсау және білім мен ізденіске ұмтылу – өмірлік маңызды бағыттардың бірі екенін айтты. Сонымен қатар, діннің адамды сабыр мен мейірімге тәрбиелейтінін жеткізді.
Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Жастар мұндай рухани бағыттағы кездесулердің қоғам үшін, әсіресе жас буынның дұрыс қалыптасуына үлкен ықпал ететінін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы