Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Қарағанды қаласындағы авиациялық база бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам қоғамда орын алуы мүмкін жат ағымдардың алдын алу, олардың теріс ықпалы мен зардаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, діни сауаттылықты арттырудың маңызына тоқталып, әрбір азаматтың дұрыс ақпаратқа сүйеніп, сенімді діни білім алуы қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, имам уақып қорының қоғам үшін атқаратын рөліне ерекше тоқталып, оның қайырымдылық пен әлеуметтік қолдаудағы маңызын түсіндірді. Уақыптың үзілмейтін сауап болатын ізгі амал екені айтылды.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай рухани және танымдық кездесулердің қоғам тұрақтылығы мен діни сауаттылықты арттыруда маңызы зор екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы