Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлы мешіт жамағатына «Жастар әдебі» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында ұстаз жастар тәрбиесінің қоғамдағы орнына тоқталып, көркем мінез, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттердің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда белең алып отырған түрлі теріс әдеттерден сақтану, уақытты тиімді пайдалану және білім алуға ұмтылу қажеттігін атап өтті.
Ұстаз өз сөзінде жастардың бойында жауапкершілік, сабырлық және имандылық қасиеттерін қалыптастыру – болашақтың берік негізі екенін жеткізді. Сондай-ақ, әрбір жас буынның өз ортасына пайдалы азамат болып қалыптасуы маңызды екенін айтты.
Кездесу барысында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай рухани насихаттың жастар тәрбиесіне оң әсер ететіні атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы