Center Image
IHSAN.KZ
Уақып қайырымдылық қорының қоғамдағы маңызы түсіндірілді
Уақып қайырымдылық қорының қоғамдағы маңызы түсіндірілді

Бұқар Жырау аудандық «Жыржас қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жамағатына уақып қайырымдылық қорының маңызын түсіндіріп, тағылымды насихат айтты.

Насихат барысында имам уақыптың исламдағы орны ерекше екенін атап өтіп, оның үзілмейтін сауап әкелетін ізгі амал екеніне тоқталды. Сондай-ақ, уақып арқылы жасалатын қайырымдылықтың қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және діни-ағартушылық саланың дамуына үлкен үлес қосатынын түсіндірді.

Имам өз сөзінде уақыптың тек материалдық көмек қана емес, ол – болашақ ұрпаққа жасалатын рухани инвестиция екенін жеткізді. Сонымен қатар, жамағатты қайырымдылық жасауға, қоғамға пайдасы тиетін игі істерге атсалысуға шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz