Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жат ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлы мешіт жамағатына жат ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ұстаз қазіргі қоғамда кездесіп жатқан діни жат ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, дұрыс діни білім алудың маңызына тоқталып, әрбір азаматтың сенімді дереккөздерге сүйенуі қажеттігін атап өтті.

Ұстаз өз сөзінде діни тұрақтылық пен бірлікті сақтау – қоғам тыныштығының негізгі кепілі екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастардың жат идеологияларға еріп кетпеуі үшін отбасы тәрбиесі мен діни сауаттылықтың маңызын ерекше атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz