Халықаралық Жер күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубеуұлының ұйымдастыруымен мешіт ауласына апорт алма ағашы отырғызу рәсімі өтті.
Игі шараның негізгі мақсаты – жасыл желекті көбейту, табиғатты көркейту және сауапты істі насихаттау болды.
Шараға Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы арнайы қатысып, игі іске қолдау білдірді. Ол мұндай бастамалардың қоғамға берері мол екенін айтып, қатысушылардың еңбегіне оң бағасын берді.
Ізгілік пен берекені ұштастырған бұл игі іс – мешіт жамағатының бірлігін арттырып, айналаны көркейтуге бағытталған тағылымды шара болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы