Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы мешіт жастарына «Жастар арасында стресске төзімділік» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында имам қазіргі қоғамдағы жастардың психологиялық жағдайына тоқталып, күйзеліске берілмеудің маңыздылығын түсіндірді. Ол сабыр сақтау, қиындықтарды дұрыс қабылдау және рухани құндылықтарға сүйену арқылы кез келген қиындықты жеңуге болатынын атап өтті.
Сондай-ақ, имандылықтың адам өміріндегі орны ерекше екені айтылып, намаз, дұға және жақсы орта – жан тыныштығына жеткізетін негізгі жолдар екені жеткізілді. Жастарға уақытты тиімді пайдалану, білімге ұмтылу және пайдалы істермен айналысу жөнінде кеңес берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы