Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы Көктас ауылдық кітапханасында ауыл жастарымен кездесіп, «Жастар әдебі» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында имам жастарға әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – ұлттық әрі діни құндылықтардың негізі екенін түсіндірді. Сондай-ақ, қазіргі қоғамда жастардың бойында көркем мінез қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, тәрбиенің отбасы мен ортаның ықпалына байланысты екенін атап өтті.
Имам өз сөзінде білімге ұмтылу, уақытты тиімді пайдалану және жаман әдеттерден аулақ болу – әрбір жастың басты міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар, имандылық пен жақсы мінез адамды биік дәрежеге жеткізетінін атап өтті.
Кездесу соңында жастар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы