Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастар жамағатына арналған «Суицид профилактикасы» және «Стресске төзімділік» тақырыптарында рухани-психологиялық түсіндірме семинары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастарға психологиялық тұрақтылықты сақтау, күйзеліс жағдайларын дұрыс еңсеру, өмірлік қиындықтарға сабырмен қарау және өз-өзіне жауапкершілікпен қараудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ислам дініндегі адам өмірінің қадір-қасиеті, үміт пен сабыр құндылықтары аясында рухани насихат жүргізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – жастардың психологиялық саулығын нығайту, суицидтің алдын алу, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттыру болып табылады.

Аталған іс-шара мешіттің жастармен жұмыс жүргізу бағытындағы ағартушылық және тәрбиелік бастамаларының бірі ретінде жүзеге асырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz