22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында еріктілер мен мешіт жамағаты бірігіп, мешіт ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл бастама қатысушылардың жоғары белсенділігімен өтті.
Игі іс-шараның мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және келешек ұрпаққа таза, көркем орта қалдыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы