ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай
Айтуғанұлы Алматы қаласына барған қызметтік сапары барысында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет университетінде облысымыздан келіп, білім алып жатқан жастармен кездесу өткізді.
⠀ Қазіргі уақытта Алматы қаласында
орналасқан еліміздегі бірегей ислам университетінде Қарағанды облысынан шыққан 40-қа жуық студент білім алуда. ⠀
⠀
Кездесу барысында облыс бас имамы университетте білім алып жатқан шәкірттердің бүгінгі
тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастармен арнайы
сұхбат құрды.
Сондай-ақ әрбір студенттің оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып,
өтініш-тілектерін тыңдады. ⠀
⠀
⠀ Келелі кездесу соңында студенттерге арнайы дәм беріліп, облыс бас имамы
білім іздену жолында жүрген студенттерге дұға жасап, ынталандыру сыйлықтарын табыс
етті.
ҚМДБ-ның Қарағанды
облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы