Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының жүргізуімен жамағатқа әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері ақшам намазынан кейін “«Әл-ихтиар ли таълил әл-мухтар» кітабы бойынша фиқһ дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Дәріс барысында жамағатқа ислам құқықтық негіздері түсіндіріліп, күнделікті құлшылық пен діни мәселелерге қатысты маңызды тақырыптар қамтылуда.
Аталған еңбек фиқһ ғылымындағы маңызды дереккөздердің бірі болып саналады және онда мұсылманның ғибадат пен тұрмысқа қатысты үкімдері жан-жақты қарастырылған.
Мұндай дәрістер жамағаттың діни білімін арттыруға, шариғат негіздерін терең түсінуге және рухани тәрбиені күшейтуге бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы