Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен мешіт асханасында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Бұл игі іс жамағатқа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Жөндеу барысында асхана толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталмақ. Атап айтқанда, ас дайындау аймағы, құрал-жабдықтар, санитарлық талаптар мен жайлылық деңгейі жаңаша үлгіде қарастырылуда.
Бұл бастама – мешіттің тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар жамағатқа қызмет ететін, бірлік пен қайырымдылықтың ордасы екенін айқын көрсетеді.
Алдағы уақытта жаңартылған асхана жамағат игілігіне қызмет етіп, түрлі қайырымдылық шаралар мен ас берулердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы