Center Image
IHSAN.KZ
Уақып пен садақаның айырмашылығы түсіндірілді
Уақып пен садақаның айырмашылығы түсіндірілді

Қарқаралы ауданы Қарабұлақ ауылдық мешітінің имамы Ербол Нұрғабденұлы мешіт жамағатына «Уақып пен садақаның айырмашылығы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам уақып пен садақаның мән-мағынасына кеңінен тоқталып, олардың шариғаттағы орны мен ерекшеліктерін түсіндірді. Уақып – игілігі үздіксіз жалғасатын қайырымдылық түрі екені айтылса, садақа – мұқтаж жандарға көрсетілетін жедел көмек екені баяндалды.

Сонымен қатар, жамағатқа сауапты істерде ниеттің маңыздылығы, қайырымдылық жасаудың қоғамға тигізер пайдасы жөнінде насихат айтылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кездесу соңында имам жамағатты сауапты істерге белсенді атсалысуға шақырып, уақып мәдениетін дамыту – қоғам игілігіне қызмет ететін маңызды қадам екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz