Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы мешіт жамағатына уақыптың маңыздылығы жөнінде насихат айтты.
Дәріс барысында имам уақыптың қоғамдағы рөлі мен оның сауаптық мәніне кеңінен тоқталды. Уақып – игілігі үздіксіз жалғасатын қайырымдылықтың ерекше түрі екені айтылып, оның мұсылман қауымы үшін маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ, жамағатқа уақып арқылы мешіт, медресе, білім беру және әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге болатыны жеткізілді. Имам әрбір мұсылманды шамасына қарай қайырымдылық жасауға, игі істерге үлес қосуға шақырды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, уақып мәдениетін дамыту – қоғам игілігі үшін маңызды екені атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы