Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылында «Өткенге құрмет – тіріге міндет» акциясы аясында зират аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шара барысында ауыл тұрғындары белсене қатысып, қорым аумағын қоқыстан тазалап, шөптерін шауып, ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, ескі қоршаулар жөнделіп, бейіт басына келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар өскелең ұрпаққа ата-баба рухына құрмет көрсету мен туған жердің тазалығын сақтаудың маңызын насихаттайды. Ауыл тұрғындары да бұл акцияның жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасуын қолдайтындарын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы