Теміртау қалалық “Жақып Ақбай” мешітінде “Жастар арасындағы стресске төзімділік” тақырыбында рухани-психологиялық семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
Шара барысында жастарға күйзеліске қарсы тұру жолдары, эмоцияны басқару, қиындықтарды сабырмен еңсеру және рухани тепе-теңдікті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ислам құндылықтары негізінде сабыр, шүкіршілік, тәуекел ұғымдарының маңызы айтылды.
Семинарға қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Мұндай пайдалы шаралар жастардың рухани әрі психологиялық дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы