Абай ауданына қарасты Жұмабек ауылдық мешітінде “Өткенге құрмет – тіріге міндет” акциясы аясында зират тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шараның басты мақсаты – ата-бабалар рухына құрмет көрсету, қорым аумағын тазалап, тәртіпке келтіру және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру. Акцияға ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Шара барысында зират аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Ұйымдастырушылар мұндай сауапты істердің жастарға өнеге екенін атап өтіп, игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы