Теміртау қаласының орталық “Әлихан Бөкейхан” мешітінде “Жастар әдебі” атты өңірлік семинар өткізілді.
Шара барысында жастар тәрбиесі, әдептілік, адамгершілік құндылықтар және қоғамдағы жастардың орны кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ислам дініндегі көркем мінез, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәселелері қозғалды.
Семинарға қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, өзекті сұрақтарға жауап алды. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың рухани дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы