Халықаралық Жер күніне орай “Таза Қазақстан” акциясы аясында Абай қаласында ауқымды көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға аудан имамы Асхат Қанайұлы, аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, табиғатты көркейтуге өз үлестерін қосты.
Шара барысында қала аумағында көшеттер отырғызылып, қоршаған ортаны қорғау мен жасыл желекті көбейту бағытында жұмыстар жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, өңірдің көркеюіне оң әсерін тигізеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы