Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі мұсылмандар зиратында «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған игі шара кент имамы Мурсали Қаленұлының жетекшілігімен өтті. Шара барысында зират аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Бұл бастама – ата-баба рухына деген құрметтің, сондай-ақ қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеудің айқын көрінісі.
Жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, сауапты іске өз үлестерін қосты. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы