Center Image
IHSAN.KZ
«Жәндіктер әлемі» атты танымдық жәндік экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды
«Жәндіктер әлемі» атты танымдық жәндік экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды
Үштөбе ауылы Қажыбай қажы мешітінде балаларға «Жәндіктер әлемі» атты танымдық жәндік экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды. 

Шара барысында жас шәкірттер шетелден әкелінген жәндіктер әлемімен танысып, арнайы дайындалған Энтомологиялық коллекция үлгілерін тамашалады.

Көрмеге қойылған жәндіктердің түрлері балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Әрбір жәндіктің бір-біріне ұқсамайтын ерекше жаратылуынан Алланың шеберлігіне таңданысты. 
Іс-шара барысында балалар тек көріп қана қоймай, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Шарада жәндіктерге зиян келтірмеу, табиғатты қорғау, әрбір тіршілік иесіне құрметпен қарау секілді маңызды тәрбиелік мәні бар насхаттар айтылды.Мұндай танымдық сабақтар олардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні анық.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz