Қарағанды облысы, Саран қаласында игі іс-шара ұйымдастырылды. Қалалық мешіттің имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында зират аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – өткенге тағзым етіп, ата-баба рухына құрмет көрсету, сондай-ақ қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру болды. Іс-шараға мешіт жамағаты мен қала тұрғындары белсене қатысып, зират аумағын қоқыстан тазартты, ескі қоршауларды ретке келтіріп, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастарды имандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Өткенге құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы екені айтылып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы