Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен «Дархан Дала» отандық туризмді дамыту бағыты аясында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне зиярат сапары ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар баба мұрасымен жақынырақ танысып, кесене жанындағы мұражайда сақталған тарихи жәдігерлер мен құнды экспонаттарды тамашалады.
Сондай-ақ, зиярат етушілер тарапынан баба рухына Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды.
Аталған игі іс-шара – ұлттық руханиятты дәріптеп, өскелең ұрпаққа тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін насихаттауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Қатысушылар бабаның өнегелі өмірі мен рухани мұрасынан тағылым алып, ерекше әсермен тарқасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы