2026
жылғы қажылық маусымына байланысты ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба»
мешітінде «Қажылыққа дайындық» семинары ұйымдастырылды.
Семинарды
«Қажылық бөлімінің» Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі, Қарағанды
облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы жүргізді.
Семинар
барысында биылғы жылы үлкен қажылық ғибадатын өтегелі отырған қажыларға
қажылықтың үкімдері, парыздары, уәжіптері, шарттары мен құлшылықты орындау
барысында атқаратын барлық діни рәсімдерінен толық мағлұматтар беріліп,
дайындық жүргізілді. Ихрам киюдің негізгі шарттары, кәффәрат өтейтін жағдайлар,
құрбандық шалуда ескеру қажет жайттар секілді мәселелерге тоқталып, көпшілік
тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.
Сонымен
қатар, «Қажының тұлғалық келбеті»
тұғырнамасы негізге алынып, қажының рухани-адамгершілік болмысына ерекше
мән берілуі тиіс екендігі де айтылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз
қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы