Center Image
IHSAN.KZ
Дін мен дәстүр үндестігі: атпен серуен
Дін мен дәстүр үндестігі: атпен серуен

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Қыдырманқызының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мешіт шәкірттері табиғат аясында атпен серуен құрды.

Шараның мақсаты – ұлттық дәстүрімізді насихаттау, жастардың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар, атқа міну мәдениетін дәріптеп, табиғатпен етене жақын болуға баулу көзделді.

 Серуен барысында қатысушылар табиғаттың әсем көріністерін тамашалап, таза ауада уақыт өткізіп, өзара жақсы қарым-қатынас орнатты. Ұстаз тарапынан тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы кеңінен түсіндірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz