Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде рухани сайыстан кейін «Ынтымақ пен береке дастарханы» жайылды
«Әл-Ғаффар» мешітінде рухани сайыстан кейін «Ынтымақ пен береке дастарханы» жайылды

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде әйел-қыздар жамағатына Алланың көркем есімдерін жатқа оқу сайысынан кейін арнайы дастархан жайылды.

Байқау соңында ұйымдастырушылар, ұстаздар мен ата-аналарға арналған ақ дастархан басында еркін форматта сұхбат ұйымдастырылды. Шәй үстінде ұстаздар қауымы бала тәрбиесіне қатысты құнды кеңестерімен бөлісіп, алдағы жоспарларды талқылады.

Бұл тағылымды кездесу қатысушылардың өзара ынтымағын арттырып, рухани бауырластықты нығайта түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz