Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінде шәкірттерге арналған “Жастар әдебі” тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды. Шара барысында жастарға көркем мінез-құлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтар кеңінен түсіндірілді.
Уағыз кезінде қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, олардың тәрбиесі мен рухани дамуы жайында маңызды ойлар қозғалып, исламдағы әдеп ұғымының маңызы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мұндай рухани кездесулер жастардың саналы, тәрбиелі болып қалыптасуына оң ықпал етіп, имандылыққа баулуда маңызды рөл атқарады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы