Абай ауданына қарасты әскери бөлімде Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиевтің қатысуымен “Жат ағымдардан сақтану” тақырыбында түсіндіру-насихат жұмысы өтті.
Кездесу барысында имам дін атын жамылған теріс ағымдардың қоғамға тигізер зияны, олардың белгілері мен алдын алу жолдары жайында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ дәстүрлі діннің маңызы, дұрыс діни білім алудың қажеттілігі және жастардың теріс идеологиялардың ықпалына түспеу жолдары сөз болды.
Іс-шара соңында әскери қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер қоғам тұрақтылығын сақтауда және жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы