Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындарда кезекті жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын«Халал Даму»-дың бас технолог маманы Айжан Омарова орындады.
Аудит жұмыстарының мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің талапқа сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат көздері және дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды.
Тексеру жұмыстарына «Халал Даму» дың Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы да арнайы қатысты.
Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, мамандар қаладағы төмендегі нысандар бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізді:
«Dostar, «Zira shafran», «Saada kausar Ymmy Bakery», «My frends», «Karkaraly et»,«Aula», «Gurami», «Sezin», «Firdaus», «Rauda bagy», «Aisberg», «Kant bakery» , «Kids park», «Degirmen», «Degirmen 1», «Baurdak», «Lanzhou» қоғамдық тамақтану орындарында тексеріс жұмыстары жүргізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы