Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде «Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай тал отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Аталған игі шараға “Иса молла” мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы қатысып, көпшілікпен бірге тал көшеттерін отырғызды.
Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және ел ішіндегі бірлік пен татулықты нығайту.
Акция барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай игі бастамалардың қоғам үшін мәні зор екенін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы